Алматыдағы құрылыстардың бірінде 9-шы қабаттан адам құлап кетті

АСТАНА. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Алматының Алмалы ауданында, 12 қабатты тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында төтенше оқиға орын алды.


Кеше,  тамыздың 18-і  күні сағат  16.51-де Ақжайық   және  Мұратбаев  көшелерінің  қиылысында орналасқан       үйдің 9-шы    қабатынан   «Ситистрой-Окно»  ЖШС-нің  электр дәнекерлеушісі - 48 жастағы  М.Керімқұлов   құлап кетіп,  оқиға орнында көз жұмды.