Алматыдағы LRT құрылысын кімдер жүзеге асырады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрғасының орынбасары Айдос Көбетов Алматыда LRT желісі құрылысының жобасы қандай прициппен жүзеге асырылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«АлматыдаLRT жобасы бар және оны мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша іске асыруескерілген. Жоба екінші кезең деңгейінде тұр. Яғни жобаны жүзеге асырудың екікезеңдік тетігі бар, бұл ретте әріптестердің өздері тиісті қаржылық-техникалық,заңгерлік шешімдерді ұсынады», - деді Айдос Көбетов Үкімет үйіндегі брифингте.

Осы орайдаол бірінші конкурстың нәтижесін жариялады.

«Біріншіконкурстың қорытындысы бойынша консорциумдағы 9 компания ішінен төртеуі өтті.Олардың құрамында Түркия, Жапония, Франция және Оңтүстік Корея бар. Атапайтқанда, бұл жоба аясында қыркүйек-тамызда екінші кезең бойынша рәсімдердібастау көзделген. Осы ретте жоба алдында белгіленген мерзімде іске асырылмақ»,- деді А. Көбетов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Алматыда жеңіл рельсті көлік желісін (LRT) 2023 жылы іске қосужоспарланып отыр.