Алматыдағы МЕТРО сауда орталығына бір жыл толды

АЛМАТЫ. 11 қазан. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыдағы сауданың ұсақ көтерме секторының халықаралық көшбасшысы МЕТРО сауда орталығына бір жыл толуына орай орталықтың басшылары БАҚ өкілдерімен кездесіп, аталған сауда орынының бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстырды.

№11 МЕТРО сауда орталығының директоры Дмитрий Курмачев дүкен ішінде өткен шағын саяхатты өзі бастап, осы сауда орталығында ғана сатып алуға болатын жеке брендтер, эксклюзивті тауарлар жайында кеңінен әңгімелеп берді.

Басты клиенттермен жұмыс бойынша бағыттың жетекшісі Владислав Скальский МЕТРО-ның Қазақстандағы іс-әрекеті, ұсақ көтерме ритейлінің даму беталыстары жайлы сөз қозғаса, Ерлан Ысқақов - қоғаммен байланыс пен үкіметтік қатынастар бойынша Бас директордың орынбасары компанияның жоспарлары жайында баяндап, барлық қызықтыратын сауалдарға жауап берді.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыдағы METРO тұңғыш көтерме сауда орталығының салтанатты ашылу рәсімі 2010 жылдың 3 қыркүйегінде болған еді.

МЕТРО әлеуметтік жауапкершілікті компания, сенімді салық төлеуші, жұмыс беруші, әрі жергілікті өндірушілерді қолдауда бастамашы болып табылады. Өзінің жеке бизнесін кеңейте отырып, компания елдің дамуына ықпал етуде, жеке сауда белгілерін, жеткізу қызметтерін және басқасын дамытуда. METРO өз өнім түрлерінің 90 пайыздан астамын жергілікті өндірушілерден, импортерлерден және дистрибьюторлардан алады.