2016 жылға қарай Алатау ауданында 12 мың орындық алып Мұз айдыны сарайын салу жоспарланып отыр. Бұл жобаның құны 31 045 363 890 теңгеге (170 млн. АҚШ доллары) бағаланып отыр.
Сонымен қатар, Құлжа тас жолының бойында бой көтеретін 3 мың орындық мұз айдыны аренасының құны да 15 686 353 840 тенгеге бағаланып отыр (86 млн. АҚШ доллары).
Осылайша, екі мұз айдыны нысанын салуға 256 миллион АҚШ доллары бағытталатын болды.
Аталған нысандардың құрылысы 2016 жылдың тамызында аяқталады деп жоспарлануда.