Алматыдағы наубайханаада болған өрт екі адамның өмірін қиып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда тігін цехы мен наубайхана орналасқан бір қабатты ғимараттың өртенуі салдарынан екі адам мерт болды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

«Өрт орнынан 1972 жылғы азамат Вилкин. А.-ның мәйіті табылды. Денесін күйік шалған әрі газбен уланған 1985 жылғы азаматша Повелка А., 2007 жылғы бала Олейник Д. және әлі кім екендігі анықталмаған әйел ауруханаға жатқызылды. Ал 1983 жылғы Кучерников Е. 17 с. 40 м. ауруханада көз жұмды, делінген таратылған хабарламада.

Еске сала кетсек, 14 маусымда Алматыда наубайхана өртенгендігін бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз. Жалын тілі 750 шаршы метрді аумақты шарпыды.