Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ресми өкілі Арсен Бектасов пен «КТК» телеарнасы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мәлім етті.
«Бүгін, 18 шілдеде Алматы қаласында орын алып жатқан оқиғаларға қатысты соңғы жаңалықтар КТК арнасынан сағат 15:00-де және күні бойы шұғыл шығарылымдар беріледі», - делінген телеарна хабарламасында.
Ал, бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанның басты телеарналары техникалық профилактикаға байланысты, бүгін ақпарат таратпаған еді. Дегенмен, А.Бектасов хабарлағандай, «24kz» телеарнасы шұғыл хабар таратуға кіріседі.
«Қазір министрлік «24kz» арнасын тез арада эфирге қосу шарасын қолға алды. Қалған телеарналар сағат 17.00-ге дейінгі профилактикалық шараға байланысты, әзірге жұмыс істеп тұрған жоқ»,-деді А.Бектасов.