Алматыдағы оқиғаларға байланысты Астананың орталық базары жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыдағы оқиғаларға байланысты Астананың орталық базарын (Алаш тас жолы, 15) жапты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне базар әкімшілігі хабарлады.

«Бүгін базар Алматыдағы оқиғаларға байланысты жабылады», - деп атап өтті әкімшілікте.

Айта кету керек, «Артем» жабық базарының (Уәлиханов көшесі бойындағы) әкімшілігі базар жұмыс істеп тұрғанын жеткізді