Алдын ала мәліметтерге қарағанда, үйдің масайған қожасы темекі тартып отырып, ұйқыға кеткен. Әйелі түтіннің исін сезіп, өрт сөндірушілерді шақырады. Көппәтерлі үйдің тұрғындарын шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшірген олар өртті алапат жалынға айналмай жатып сөндірді. Иіс газына тұншыққан үй иелерін жедел жәрдем ауруханаға алып кетті.
Тілсіз жау сол арада 5 шаршы метрді шарпып үлгерген.