Алматыдағы өрт: Тойота Камри түгі қалмай жанып кетті
17:19, 04 Маусым 2017
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда текхникалық қызмет көрсету орталығы өртке оранды.
Қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, 15:51-де Наурызбай ауданындағы Райымбек даңғылында орналасқан ТҚО өртеніп жатқаны жайлы хабарлама түскен.
Өрт сөндірушілер ғимараттың шатыры жанып жатқанда жеткен.
Ішіндегі Тойота Камри көлігі түгел өртеніп кетті. Тілсіз жау 16:21-де ауыздықталды. Қызыл жалын 490 шаршы метр аумақты шарпыды.
Мамандар өрттің неден тұтанғанын анықтап жатыр. Төтенше жағдайдан ешкім жапа шеккен жоқ.