АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханадағы науқастарды басқа медицина мекемелеріне ауыстырып жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Кеше мен карантинге жабылған Орталық қалалық клиникалық аурухананың жұмысын тоқтату туралы қаулы шығардым. Қазір медқызметкерлер мен науқастар басқа ауруханаға ауыстырылып жатыр»,– деді Жандарбек Бекшин.
Сондай-ақ, ол ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының да карантинге жабылғанын айтты. Онда 67 курсанттан коронавирус инфекциясы табылған.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.