Оқиғаны көргендердің айтуынша, Lexus Абай даңғылымен батыс жаққа қарай аса үлкен жылдамдықпен келе жатқан. Наурызбай батыр көшесімен қиылысқа жете бере жүргізуші рульге ие бола алмай, машина бағдаршамның тірегін соққан.
Көлік 30 метрдей жүріп барып қалалық мекемелердің бірінің қоршауын сүзе тоқтаған.
Автомобильдің ішінде болған жолаушылардың бірінің айтуына қарағанда, келеңсіз оқиға өзге бір машинаның кесірінен орын алған. Алда келе жатқан Suzuki оң жақ қатарға шұғыл бұрылып, апаттық жағдай туғызған көрінеді.