«Жатақхана салынбайтын болды. Құрылыс тоқтатылды. Біз басқа жер учаскесін қарастырып жатырмыз», - деді қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.
Өз кезегінде, қалалық жасыл экономика басқармасы Медеу ауданы Горький саябағындағы студенттерге арналған жатақхана құрылысы бойынша 1 наурызға жоспарланған қоғамдық тыңдаудың өтпейтінін хабарлады.
Бұған дейін, орталық саябақта 327 студентті баспанамен қамтитын жатақхана бой көтеретіні туралы айтылған болатын.
Қазіргі уақытта Абай атындағы ҚазҰПУ-де 13 мыңнан астам адам оқиды, оның ішінде 10 780 сырттан қатынайды. Жалпы, 3 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж.