Алматыдағы өртті сөндіруге ТЖД-ның жеке құрамы түгел жұмылдырылды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Серік Әубәкіров Көктөбенің төменгі тұсында тұтанған екінші өртті ауыздықтау неліктен қиын болып отырғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматықаласы гарнизонының барлық жеке құрамы өрттің ең жоғары үшінші дәрежесі бойыншакөтерілді. Басымдық тұрғын үй секторын қорғауға бағытталған. Жалын тарап жатыр,оның аумағы ұлғаюда. Түнгі уақыттағы жұмыс қауіпсіздік техникасын сақтауменқиындай түсуде. Себебі қурайдың биіктігі кейде адамның бойын жауып тұрады. Қазіргіуақытта өрттің таралуы тоқтатылды. Жеке ошақтарды сөндіру жүргізіліп жатыр», -деп жазды ол Facebook-та.

Еске салайық, жексенбікүні Көктөбенің бөктерінде құрғақ шөп өртенген болатын. Төтенше жағдайды жоюға екітікұшақ жұмылдырылды. Сондай-ақ ТЖД-ның 42 адамы мен 9 техникасы, «АлматыТазалық» МКК-ның – екі және Алматы қалалық Құтқару қызметінің бір суарутехникасы жұмыс істеді. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкіліНұрсұлтан Нұрахметов жалын сағат 19.58-детолығымен өшірілгенін мәлім етті. Ал Алматы қалалық Төтенше жағдайлардепартаментінің басшысы Серік Әубәкіров өрттің жеке секторға ауысуының алды алынғанын,департаменттің жеке құрамы кезекшілік атқару үшін оқиға орнында қалатынын айтты.

Сәл кейінірек, С.Әубәкіров өртболған бірінші аумақтан төменгі тұста тағыбір ошақ тұтанғанын жазды. Құтқарушылар тілсіз жаумен күрес барысында бірадамның денесін тапты. Оның жынысы мен тұлғасы анықталуда.