деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Көрмеге қыл қалам шеберінің 40-тан астам суреті қойылды. Онда қойылған суреттердің дені шығыс елінің дәстүрі мен тұрмыс-салтын терең тануға тырысқан туындылар болып келеді. Жалпы Кармине Барбароның есімі қазақ суретшілерінің арасында кеңінен танымал. Италиядан келгеніне 15 жыл толған ол бұл күнде Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, сондай-ақ елімізде өтіп жатқан түрлі сурет көрмелерінің белсенді қатысушысы. Қазіргі таңда К. Барбароның еңбектерін Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы мен Ақтау қаласындағы қазіргі заманғы өнер мұражайынан көруге болады.
"К. Барбароның суреттерінен қарапайым тұрмыс пен астарлы әзілді түсінуге болады. Бұл жолғы көрмеге қойылған суреттердің дені шығыс елінің дәстүрі мен тұрмыс-салтына байланысты. Мәселен, есекке мінген баланы бейнелеген суретінің тақырыбын "Айналаңа қара, әрі құлақ түр" деп атаған, ал "Лағман" деп аталатын келесі бір суретінде шығыс тағамының жанына еуропаның сүйікті дәмі - пиццаны қатар салған. "Егіндік", "Шабындық" деп аталатын келесі суреттерінде қазақ өмірінің тұрмысын әдемі сомдаған. "Ашық түстер мен қанық бояулардан тұратын суретшінің бұл суреттерінен оптимистік көзқарас пен таза көңілді аңғаруға болады", дейді өнертанушы Мария Жұмағұлова. Ал автордың өзі - "Мен ешқандай да тұжырымдама жазбаймын. Сондай-ақ жаңалықтар да ашпаймын. Тек мына өмірді қалай көретінімді ғана сомдаймын", дейді.