Алматыдағы Райымбек даңғылы бір айға жабылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы Райымбек даңғылы ішінара жөндеуге жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы жылу желілері» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, құбырдағы жоспарлы жұмыстарға байланысты Райымбек даңғылының бір бөлігінде бір айға көлік қозғалысына шектеу қойылады.

«28 шілдеде сағат 22:00-ден 27 тамызға дейін Райымбек даңғылы бойымен – Байзақов көшесінен Батыс бағыттағы Казаков көшесіне дейін автокөліктер үшін қозғалыс жабылады», - делінген хабарламада.

Компания келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды.

Сонымен қатар, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес беріледі.