Жандарбек Бекшиннің сөзінше, Rixos қонақүйінің әкімшілігіне жаппай жиналыс өткізуге ғимаратты бергені және ұйымдастырғаны үшін 30 АЕК (87 510 теңге) айыппұл салынды.
Сонымен қатар, ол шараға қатысушылар Алматыға бір күнге ғана ұшып келгенін жеткізді.
«Жұмыс әлі де жалғасып жатыр. Тексеру прокуратураның рұқсатынан кейін жүргізіледі, анықталғандардың бәрі жазаланатын болады», - деді ол.
Бұған дейін, Жандарбек Бекшин Алматыда эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі екенін айтқан болатын. Аптасына 10 мыңнан астам адамнан вирус анықталып жатыр.