«Қонақүйдің бас директоры демалыста болды, сондықтан оған хаттама толтыра алмадық. Осы аптада демалыстан оралған соң оған хаттама жасалды», - деді Жандарбек Бекшин.
Оның айтуынша, Rixos қонақүйінің бас директорына 230 АЕК (670 мың теңге) айыппұл салынды.
Бұған дейін, аталған қонақүй әкімшілігіне карантин талабын бұзып шара ұйымдастырғаны үшін 30 АЕК (87 510 теңге) айыппұл салынған болатын.