Алматыдағы «Родина» кинотеатры өртенді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда кеше сағат 10-нан 33 минут өткенде «Родина» кинотеатрының көрермендер залы отқа оранды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Тілсіз жау 11 сағат 12 минутта ауыздықталды. Оны сөндіруге Алматы қаласы ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 60 адамы мен 15 техникасы тартылды.

Жалын шарпыған аумақ 170 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ.