АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы сән салондары мен білім орталықтарына жұмысын бастауға рұқсат беріледі. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алматыда бүгіннен бастап сән салондары мен кейбір білім орталықтарына жұмысын бастауға рұқсат берілді. Арнай белгіленген тәртіп бойынша ертеңнен бастап infoalmaty.kz сайтында арыздар қабылданады. Төтенше жағдай аяқталғанымен, карантин режимі жалғасады. Санитарлық талаптар сақталуы керек»,– деді брифинг барысында Сапарбек Тұяқбаев.
Сондай-ақ, ол қаладағы саябақтарға қатысты талаптардың пысықталып жатқанын атап өтті. Олар кезең-кезеңімен ашылады.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.