Алматыдағы Сән және дизайн колледжінің АӘД пәні мұғалімі қамауға алынды
12:17, 20 Қараша 2014
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Сән және дизайн колледжінің АӘД пәнінің мұғалімі Ғабит Қарабалаев қамауға алынды. Сот оған қарсы бұлтартпас шара ретінде 2 айға қамауға алу туралы шешім шығарды.
Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы полициясы 1 қыздың өмірін жалмап, 8 адамды жаралаған оқиғаға байланысты ҚР ҚК бірнеше бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қазір аталған дерек бойынша қалалық ІІД тергеу басқармасы ҚР ҚК 251-бабы (Қару мен жарылғыш заттарды заңсыз сақтау, алу, сату, алып жүру) және 101-бабы (Абайсызда адам өліміне әкелу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу барысында қарудың оқу орнында қалай пайда болғаны мен кімге тиесілі екендігі тексерілмек.