Алматыдағы сауда орталығында болған бір топ жігіттің төбелесі түсірілген видео ғаламторға жарияланды
04:02, 20 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыдағы сауда орталықтардың бірінде бір топ жігіттің төбелесіп жатқан сәті түсірілген видео Инстаграмдағы ztb_video тобында жарияланды.
Бұл төбелес нақты қай жерде орын алғаны белгісіз, алайда топтың жазылушылары бұл Mega Alma-Ata СОСО деген пікір қалдырған.