Дүйсенбі, 2 сәуір күні Алматының Саин және Шалыпин көшелерінің қиылысында орналасқан «Люмир» сауда үйінің сыртқы қаптамасы өртене бастады. Өрт аумағы 50 шаршы метрді құрады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, деп нақтылайды құтқарушылар.
Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 44 адамы мен 17 техника бірлігі жұмылдырылған.