Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.
09:45, 12 Қаңтар 2013
Алматыдағы саяжайлық үйде бір отбасы мүшелері түгелдей иіс тиіп уланды
АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Медеу ауданындағы «Кеңсай» шағынауданында орналасқан саяжайлық үйде 11 қаңтар күні сағат 00:05-те қатты отынмен жанатын пештің ақаулығы салдарынан 4 адамнан құрылған отбасы - 38 және 30 жастағы ер адам мен әйел, және екі және үш жасар екі бала иіс тиіп уланды.