Алматыдағы Сайран көлінде суға бата жаздаған адамдар құтқарылды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы «Сайран» көлінде суға шомылуға келіп, батып кете жаздаған азаматтарды құтқарушылар аман алып қалды. Мұндай жағдай бір күнде екі рет қайталанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бірінші оқиғасағат 18:24-те көлдің батыс жағында болды. Жас жігіт суға түсіп жүзе бастаған,жағадан біраз жерге дейін жүзіп барған ол, суға бата бастаған.

«Оның жанындадостары болған, олар өздерімен келген жігітің суға кетіп бара жатқанын байқапқалып, көмек сұраған. Құтқарушылар сол маңайда қайықпен жүзіп жүрген, олардереу қажетті жерге жетіп, су түбіне кеткен азаматты тауып алды. Ол жағағашығарылғанда ес-түссіз жатты»,-деді құтқарушылар қызметі.

Құтқарушымедицина мамандары оған бірінші кезекте қажетті көмек көрсетіп, жүрек-өкпе реанимациясын жасап, жедел жәрдем келгенше аман алыпқалды. Жағалауда жүргізілген раенимация сәтті өтіп, құтқарылған жігіт есінжиды. Оқиға орнына жеткен «103» қызметі оны қалалық стационарға жеткізді.

Кешкісіналакөлеңке түскенде құтқарушылар жағалауды шолып жүріп, көлдің оңтүстікбөлігінен бір қимылды байқап қалады. Ол 4 адам мінген 2 адамдық катамаран болыпшықты. Құтқарушылар оларға екі қайықпен барып, түн ішінде суға түсугеболмайтындығын ескертпек болған. Осы сәтте катамаран аударылып, екі жігіт пенекі қыз суға баста бастаған.

«109»қызметінің өкілдері төрт адамды да құтқарып қалды. Олар медициналық көмектіқажет етпеді. Алайда оларға өздерінің әрекеттері үшін жағалауда тұрған полицияқызметкерлеріне жауап беру керек болады. Екінші оқиға кешкі сағат 21:05-тетіркелді», деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Алматықаласының Құтқару қызметі өкілдерінің жедел әрі бірлескен қимылдарыныңнітижесінде көлде болуы ықтимал қайғылы жағдайлардың алды алынды. Құтқарушыларөз қызметін «Сайран» көлінде күндіз-түні жүргізуде. Олардың құрамында 5құтраушы, 1 медицина қызметкері және 3 моторлы қайық бар.

Соңғы жаңалықтар