АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Қарғалы өзенінің арнасы экскаватормен кеңейтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өзен Наурызбай, Әуезов, Алатау аудандары арқылы өтеді. Су басу қаупі бар барлық аудандарға арнайы техника қойылды.
Өзен арнасының сыйымдылығын арттыру үшін экскаватор мамандары жұмысқа кірісті. Олар арнаны кеңейтіп жатыр.
Қазіргі уақытта Қарғалы өзенінің маңында орналасқан жеке учаскелерді су басу оқиғалары тіркелген жоқ», - деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар басқармасы.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.