Алматыдағы сел қаупі: Қаладағы эвакуациялау пункттері белгіленді

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда сел жүру қаупіне байланысты Наурызбай ауданында эвакуациялау пункттері белгіленді, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

«Эвакуациялаупункттері: 1. Ескі әкімшілік (Жандосов-Рысқұлов). 2. Шахмерденов атындағы 175мектеп. 3. 158 мектеп. (Жандосов – Ясауи қиылысы)», - делінген Алматы әкімдігітаратқан хабарламада.

ТЖД соңғыуақыттарда мұздық көлдері суының ағызылуы туралы ақпарат берді.

Сел қаупі туындағанкөлдің суы 77 мың текше метрден 26 мың текше метрге дейін азайтылды.

«2015 жылы бұлплотинадан 30 мың текше метр су өткен. Бөгеттің жобалық қуаты 1,2 млн текшеметр. Бұл жерге 600 мың текше метр су жетеді. Апаттық жағдайда секундына 10 текшеметр су жіберіледі. Өзеннің арнасы 20 мың текше метрге есептеліп, бетондалған»,- деді ТЖД өкілдері.

Бүгін АлматыдаНаурызбай ауданында аз мөлшерде сел жүрді.

Еске сала кетсек, таңертең төтеншеліктер Қарғалы өзені бойында сел жүру қаупі төнгенін хабарлап, дабылкөтерген болатын.

Соңғы жаңалықтар