Алматыдағы сел қаупі: Қарғалы өзенінің қазіргі ахуалы белгілі болды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық ТЖД Қарғалы өзенінің қазіргі ахуалы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауатемпературасының соңғы екі айда төмендемеуіне байланысты таңғы сағат 6:20-лар шамасындаҚарғалы өзені бассейніндегі №1 көлдің суы босатылды. Секундына 5 мың текше метржылдамдықпен шығарылғанда көлдегі су деңгейі 5 метрге төмендеді. Алдын алаесептер бойынша 20 мың текше метр су ағызылған», - деді қалалық ТЖД.

«Осыған байланыстыНаурызбай ауданы Қарғалы шатқалында тұратын халық шұғыл құлақтандырылды.Сонымен қатар, өрт сөндіру бөлімшелері, жол патрульдік қызметкерлері дауысзорайтқышпен халықты хабарландырды», - деді ТЖД.

Наурызбай ауданындақауіпсіз жерге көшірілген адамдарды қабылдау үшін эвакуациялық пункттер реткекелтірілді. Осы мақсатта Бостандық ауданында мектеп ғимараты әзірленді.

Қарғалы өзенініңарнасында газбен қамту, электр энергиясымен қамту нүктелері ажыратылды.

Төтенше жағдайларбойынша шұғыл штаб құрылды. Сондай-ақ қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Наурызбай ауданындағы сел орнына барды.