Алматыдағы селдің беті қайтты - Бақытжан Сағынтаев

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Қарғалы өзенінің басындағы көлде атқарылған жұмыстар жайында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жоғарыжақтан келе жатырмын. Таң атқалы сол жақта жүрміз.Тиісті шараларқабылданды.Қорқатын ештеңе жоқ. Құдай сақтасын. Жаздай жұмыстар атқарылды.Көлдің басында экскаваторлар жұмыс істеді. Олар жаздай жерді қазыпсуды жіберіп отырған.77 мың текше метр суды 26 мың текше метрге дейін түсірген.Соның арқасында қазір су азкелді. Енді, қазір жоғары жақтан хабар беріп жатыр, көлден аққан сутоқтады.Өзінің қарқынымен ағып келеді. Мына бөгетке дейін 22 шақырым, су өзен арнасыменағады деп ойлаймыз. Ешқандай қауіп жоқ. Сумен ешқандай тас ағып келе жатқан жоқ. Жәй ағынды лай су келіп жатыр. Судыңкөлемі қалыпты жағдайда. Қазір мамандар тікұшақпен жоғары жақтан тағы да көріп шығады. Тұрғындарүшін ауыз су мәселесі де шешіледі. Қаладан тасымалдайтын болады. Алматы сумекемесінің басшысы да осында. Қазір 30 су таситын көлік белгіленді. Су құбырлары жөнделеді. Наурызбай ауданыныңхалқымен кездесуге бара жатырмын. Сол кісілерге өзімбарып мән-жайды түсіндіремін. Қажет болса осында қайтып келемін. Қарқынды су екі сағаттабәсендейді»,- деді БақытжанСағынтаев.




Соңғы жаңалықтар