Түрксіб ауданының тұрғыны шаһар басшысынан 10 жылдан астам уақыт бос тұрған «Шұғыла» кинотеары туралы сұрады.
«Біз аталған кинотеатрдың жанында тұрамыз. Бұл нысан 10 жылдан астам уақыт жұмыс істемейді. Алдағы уақытта «Шұғыла» кинотеатры қайта қалпына келе ме?» дейді тұрғын.
Бұл сауалға аудан әкімі Бақытжан Ақжаров жауап берді.
«Шұғыла» кинотеатрын жеке инвестор сатып алған болатын. Жаңа иесімен кездестім. Ол кинотеатрды жөндеп, қалпына келтірмекші. Сонымен қатар, ғимарат иесі көрме орталығын ашқысы келеді. Жалпы, мәдениет кешені болмақ», - деді аудан әкімі Бақытжан Ақжаров.