Алматыдағы тағы бір заңсыз нысан бұзылды

Фото: пресс-служба акимата г. Алматы
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының «Жұлдыз» ықшамауданында орналасқан «Восточка» дәмханасына заңсыз қосалқы құрылыс жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұған дейін Басқарма тұрғынның өтініші бойынша тұрғын үйге қосымша құрылыстың заңдылығына жоспардан тыс тексеру жүргізген болатын. Тексеру нәтижелері бойынша қосымша тиісті рұқсат құжаттарынсыз тұрғызылғаны анықталды, бұдан басқа заңсыз нысан мемлекеттік қордың аумағында орналасқан»,- деп хабарлады қалалық әкімдіктен.
Басқарма меншік иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 319, 323-бабы бойынша материалдарды Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жібере отырып, шаралар қабылдады.


Бүгінде заңсыз кеңейту соттың шешімімен бұзылып, жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын босатты.
Бұған дейін Алматыда сот шешімі бойынша заңсыз салынған көлік жуу нысаны сүрілген болатын.