Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде шығынға ұшыраған 17 кәсіпкер 33 млн теңге алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өңірлік комиссиялар зардап шеккен ШОБ субъектілеріне келтірілген шығынды өтеу туралы 2000-нан астам өтінішті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы трагедиясы Telegram каналына сілтеме жасап.

Қазақстан өңірлерінде зардап шеккен кәсіпкерлерге өтемақы төлеу өтініштерін қабылдау басталды. 31 қаңтардағы жағдай бойынша «InfoKazakhstan.kz» электронды платформасы арқылы Алматы, Шымкент, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарынан келтірілген шығынды өтеу туралы 2 мыңнан астам өтінім келіп түскен.

Комиссия мәліметінше, өтініш білдірген кәсіпкерлердің есеп айырысу шоттарына алғашқы өтемақылар түскен. Мәселен, Алматы қаласы бойынша 17 кәсіпкер жалпы сомасы 33 млн теңгенің төлемін алған.

Үкімет кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қалпына келтіру мақсатында келтірілген залалды тез арада өтеу жұмысын жалғастырады.