Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, табиғаи өртті жоюға 100 адам жұмылдырылды.
«Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің табиғи өрттерді жою бойынша біріккен жасағы – 100 адам, 8 бірлік техника Медеу ауданындағы Сәрсенбаев көшесіне жақын орналасқан, тау бөктеріндегі жанып жатқан құрғақ шөпті сөндіруде»,- деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Ведомство өкілдері, өрттің жеке тұрғын үйлерге таралу қаупі бар екені мәлім етті.
Бұған дейін Алматыда Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының екінші қабаты отқа оранғаны туралы жазған болатынбыз. Сондай- ақ бүгін жолаушылар автобусы өртеніп кетті.
Видеодан алын ғ ан кадр