Алматыдағы тауда жоғалып кеткен туристердің бірі аяғын сындырып алған - ТЖК

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы тауда жоғалып кеткен туристердің бірі аяғын сындырып алған, деп хабарлады Республикалық жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Виктория Зарубаева.

«29 қаңтар күні 10 адамнан тұратын туристер тобы Үлкен Алматы көлі ауданында орналасқан Скалистый шыңына барған. Белгісіз жағдайда серуендеушілердің екеуі тобынан адасып қалған. Туристер қалаға жалғыз қайта алмайтынын біліп, Республикалық жедел-құтқару жасағынан (РЖҚЖ) көмек сұраған. Зардап шеккендерден қоңырау құзырлы органдарға сағат 17:18-де түскен. Туристерге көмекке 8 адамнан тұратын құтқару тобы, сонымен қатар 1 ит жіберілді», - деді Зарубаева.

Сонымен қатар, аталған құтқарушылар тобына жол-жөнекей тағы бір көмек сұрағандардың хабарламасы түскен.

«Хабарласқандар қар көшкіні астында қалғанын, ол көшкінді өздері «шақырғанын» айтқан. Оқиғаны анықтау барысында, хабарласқандардың екі оқиғасы да бір туристік топтың адамдары болып шықты. Құтқарушылар оқиға орнына сағат 18:15-те келіп жетіп, сол жерде іздеу жұмыстарын қарқынды жүргізу үшін екіге бөлінді.

20 минут ішінде бірінші құтқару тобы зардап шегушілерді тапты. Тексеру барысында, барлық зардап шегушілердің үшеуі де, әртүрлі деңгейдегі ден жарақаттарын алған. Құтқарушылар барлық туристік топтарды бірге жинап, аяғы сынған зардап шегушіні тасымалдады. Жедел топ зардап шеккендермен жәбірленушілерді жедел медициналық көмек қызметкерлерінің бригадасына дейін шығарып салды», -дейді Зарубаева.