Тұтқындар ұсталатын камераларды аралаған бірлестік басшысы тұтқындардың әрқайсысымен жүздесіп, азаптау фактілері туралы сұрады. Сонымен қатар, ол ЛА-155/18 мекемесіндегі қамаудағылардың тамақтану жағдайын да көріп, олармен медициналық көмек көрсетудің сапасы жайлы әңгімелесті.
Елена Семеновамен бірге камераларды аралаған Алматы қаласы прокуратурасының басқарма басшысы А.Омаров та тұтқындармен әңгімелесіп, оларға өз құқықтарын түсіндірді.
«Тергеу изоляторына құқық қорғаушылар мен әртүрлі қоғамдық бірлестік өкілдерінің жиі келуі қаңтар оқиғасына қатысты қамалғандарды азаптау жайлы қазіргі жалған ақпараттарды алдын алады. Тұтқындармен мұндай жүздесулер кезінде тексерушілер тергеу изоляторында ұстау жағдайына да қанығады», – деді Алматы қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Е. Ұзақов.
Қалалық полиция департаментінен хабарлағандай, тексеру кезінде күдіктілер тарапынан азаптауға байланысты ешқандай шағым болған жоқ.