Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, 5 азамат ағымдағы жылдың сәуір айының 22-де қашқан болатын. Олардың 4-уі бір тәуліктен соң-ақ тәртіп сақшыларының қолына түскен. Ал 5-ші қашқын Талғат Шегебаев құқық қорғау органдарының құрығына өткен сенбіде ілікті. Полиция қызметкерлері оны Қарағанды облысындағы Балқаш өзенінің жағалауында қолға түсірген. Т.Шегебаевқа 2004 жылы Алматы қаласының жоғары оқу орындарының бірінде оқып жүрген студент Айдар Ертөринді өлтіргендігі үшін айып тағылған.