АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы алып тиін Атакент аумағына көшірілмек. Бұл туралы Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алтай Рахымбетовтың айтуынша, басқа жерге ауыстыру жұмыстары наурыз айында басталады.
«Арт нысанға қатысты тұрғындардың пікірі екі бөлінген. Бірі құптасы, енді бірі қарсы. Қоғамдық пікірді ескере отырып, мүсінді толық бұзбаймыз деп шештік. Бірақ «Атакент» аумағына көшіріледі деген шешім қабылданды», - деді аудан әкімі.
Бұған дейін, әкімдік алып тиін бұзылады деп хабарлаған еді .
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.