АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Кеше Алматыда самокат жүргізген азамат пен қоғамдық көлік жүргізушісі арасындағы төбелес әлеуметтік желіге тараған болатын. Бүгін сол самакот иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алмалы ауданының полиция басқармасы ҚР ҚК 293-бабы, яғни бұзақылық әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тергеу барысында сараптамалық зерттеулер жүзеге асырылады, оның нәтижиесі бойынша қорытынды процедуралық шешім шығарылады.
Сондай-ақ, самокат жүргізушісі қызыл жанған бағдаршамға қарамастан, жолдың арғы бетіне өтіп кеткен. Камераға түсіп қалған бейнематериал полиция қолында. Бұл факт жеке іс бойынша қаралады. Әкімшілік заңнамаға сәйкес шара қабылданатын болады.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.