Алматыдағы триатлон кубогы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Сайран көлінде әуесқойлар арасында триатлоннан «TEMIRADAM» кубогының VIII кезеңі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ЖарысқаҚазақстан, Грузия, Қырғызстан, Ресей, Украина, Өзбекстан, Оңтүстік Кореядан 182жеке спортшы және 10 команда (әрқайсысы үш адамнан) қатысты. Спортшылар«Олимпиадалық қашықтықта» (1500 м жүзу + 40 км жүгіру + 10 км жүгіру) жарысты.

Жарыс барысындаерлер арасындағы алмастырылмайтын көшбасшы ретінде тәжірибелі триатлет жәнежаттықтырушы Павел Артюшенко сайланып, 2 сағат 09 минут 55 секунд нәтижеменжеңіске жетті. Өз жас санатындағы жеңістен басқа, Павел Артюшенко абсолюттічемпион атанды. Сондай-ақ, белгіліМаксим Мазур, Максим Мжельский және ресейлік Арсений Елисеев сияқты спортшыларда сәтті өнер көрсетті.

Ал, әйелдерарасында 2004 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, алматылық триатлет ЕкатеринаШатная жеңімпаз атанды.

Басқа жассанаттары бойынша жеңімпаздар:

Ерлер: ДиазКүнтуаров (Нұр-Сұлтан) - 02:34:35

Максим Мжельский(Алматы) - 02:17:45

Арсений Елисеев(Мәскеу, Ресей) - 02:09:55

МихаилКувшинников (Алматы) - 02:15:50

ВладиславКөпбосынов (Алматы) - 02:31:45;

Талғат Жұмағалиев(Алматы) - 02:38:41

Дәндібай Әлімбаев(Шымкент) - 02:57:51.

Әйелдер:

Алена Уварова(Коркино, Ресей) - 02:47:05

Анастасия Черная (Запорожье, Украина) -02:40:12

Дина Шаймерденова(Алматы) - 02:37:43

Ким Кёнсук(Оңтүстік Корея) - 03:01:58

Әлия Айтқазина(Алматы) - 03:36:20.

Сайыстың барлықнәтижелерін www.triathlon.org.kz сайтынан көруге болады.

Еске салакетейік, Қазақстандық триатлон федерациясы ұйымдастырған халықаралық жарыс өзкезегінде Қазақстанның барлық аймақтарында өткізілмек, қорытынды сайыс күздеАқтауда Каспий жағалауында ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар