Іс-шараны аталған аудан әкімінің орынбасары Саят Ағыбаев кіріспе сөзбен ашып, жастарға алда болатын Азиада ойындарының ел тарихындағы маңыздылығы жайында баяндап, спорт мәдениетін қалыптастыруды күн тәртібіне қойуды тапсырды.
«Шараның мақсаты - 7-Қысқы Азия ойындарын кеңінен насихаттау, жастарды салауатты өмір салтына баулу», - дейді С. Ағыбаев.
Аталмыш шара барысында көкөністерді жинау, екі допты кенгуру, үлкен доппен секіру сынды қызықты спорттық эстафеталар ұйымдастырылды, соңынан ойын жеңімпаздары марапатталып, оларға мақтау қағаздар мен түрлі кәдесыйлар табысталды.