Процесс сексуалдық сипаттағы мәліметтер мен қатыгездікпен кісі өлтіру ісіне байланысты болғандықтан, сот жабық режимде өтіп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары үш ай бойы жүргізілген.
Еске салайық, 2017 жылдың 7 желтоқсанында Алматы қалалық ІІД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 34 жастағы ер адамды ұстады. Оған Алматы қаласының екі тұрғынымен спирттік ішімдік ішу барысында тұрмыстық кикілжің салдарынан оларды өлтірген деген айып тағылды. Күдікті бұған дейін апалы-сіңлілі екеуді және жолда кетіп бара жатқан кездейсоқ әйелді өлтіргенін мойындаған.