Алматыдағы үйлердің бірінде 20 адам газға уланып қалды
12:28, 11 Шілде 2009
АСТАНА. Шілденің 11-і. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Алматыда белгісіз біреу тұрғын үйлердің бірінің кіреберісіне баллоннан газ шашып кетіп, оқиға салдарынан 20 адам тұншықтырғыш газға уланып қалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 адам ауруханаға жатудан бас тартқан. Зардап шеккен 10 жасар бала ауруханаға жеткізілді.