Алматыдағы «Узбечка» дәмханасы өртке оранды
15:47, 19 Ақпан 2017
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Узбечка» дәмханасы өртке оранды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның дерегі бойынша, ТЖ Әуезов ауданындағы Мамыр-2 мөлтекауданында орын алған. Өрт туралы хабарлама бүгін сағат 10:58-де келіп түскен.
«Алғашқы өрт сөндіру машинасы 6 минуттан кейін, яғни сағат 11:04-те оқиға орнына жетті. Кәуапхана жанып кеткен. Өрт сөндірушілер оның таралуына жол бермеді. Өрт сағат 11:13-те ауыздықталып, 11:24-те толықтай жойылды», - деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
Жалын тілі 20 шаршы метрді шарпыған. Зардап шегушілер жоқ.