Алматыдағы «Южный» саябағын жаңарту жұмыстары қашан басталады
Шаһар басшысы саябақ қала меншігіне қайтарылғанын айтты.
«Қазір Алматы мәслихаты оны абаттандыру және көгалдандыру үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге қаражат бөлу туралы ұсынысты қарастырып жатыр. Тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін 4 қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарға енген. Олар: Үлкен Алматы өзенінің жағалауы №1 тұндырғыштан Абай даңғылына дейін ұзындығы 7,1 км, бұрынғы Резиденция орнындағы саябақ, Тұңғыш Президент саябағы, «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешеніне іргелес аумақ», – деді қала әкімі.
Сонымен қатар, тұрғындардың өтініші бойынша Жер қатынастары басқармасы сквер салу үшін Қазыбек Тауасарұлы көшесіндегі ауданы 0,4 га жер телімін қаланың балансына қайтаруды қолға алды.
Осыған дейін Алматы әкімі президенттің «Мүлік иелері бірлестігі туралы реформамыз — қателік» деген сөзін түсіндірді.