Алматыдағы жалпы аймақтық өнімнің өсуі 2010 жылы 3 пайызды құрады
11:16, 09 Ақпан 2011
АТЫ. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Соңғы 10 айдың қорытындысы бойынша Кеден одағына мүше Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің арасындағы сауда мөлшері 38 пайызға өсті.
Бұл жайында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов тұрғындармен есепті кездесуі барысында айтты.
Алматы қаласының әлеуметтік, экономикалық дамуына тоқталған әкім, қазіргі есеп бойынша Алматыдағы жалпы аймақтық өнімнің өсуі 2010 жылы 3 пайызды көрсеткендігін, яғни 3 триллион теңгеден асқандығын жеткізді. Сонымен қатар барлық басты әлеуметтік-экономикалық индикаторда да өсім бар екендігін атап өтті. «Бірінші кезекте қаланың болашағын айқындаушы әрі экономикалық дамуына өзіндік септігін тигізетін инвестициялық белсенділігі өсті. Алғашқы 3 жылда бұ л көрсеткіш 2,7 пайызды құрады», -деді А.Есімов.