Алматыдағы Жаңа орыс киносы апталығында сегіз фильм көрсетіледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Апта бағдарламасында - жас ресейлік кинематографистер фильмі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Картиналардың актерлері мен режиссерлері: Ренат Давлетьяров, Артемий Темников, Стася Милославская, Дмитрий Богданов, Александр Тютрюмов және өзгелер. Көрсетілім алдында Константин Хабенский, Гоша Куценко және Юрий Быков бейнеүндеу арқылы сөз сөйлейді.

«Біздің кинотеатрға келетін фильмдерді ресейлік кино деп атауға болмайды, бұл әдетте жарнамаға мұқтаж дүниелер. Ресейдің «Планета кино» ұйымы бірнеше жылдан бері өзге мемлекеттерде көрсетілім ұйымдастырып келеді. Екі ай бұрын олар бізге хабарласып, бұл апталықты алғаш рет Қазақстанда өткізу және жыл сайын көрсетілім ұйымдастырып тұру жайлы ұсыныс жасады. Апталықтың ерекшелігі сол - әр фильм екі рет көрсетіледі. Барлығы 8 фильм, бағдарламада хоррор, экшн, драма сондай-ақ әлеуметтік жанрлар да қамтылған», - деді киносыншы, фестивальдің бағдарламалық директоры Олег Борецкий.

Спикер, актер Гоша Куценконың «Дәрігер» фильмінің премьерасы Қазақстанда өтетінін ерекше атап өтті. Ол картинаны өз анасына арнаған. Жаңа орыс киносы апталығы Алматыда 18-24 қараша күндері өтеді.