Мұның алдында әкімдік жаңа ғимараттың құрылысы 2021 жылы аяқталады деген болатын.
«Депо бар. Жоба жасалған. Құрылыс компаниясы қоршауды енді қоя бастағанда құрылыс жұмыстары тоқтатылды. Бұл жерде бастапқы идея бойынша жастарға аранлған лофт орталық салынуы керек болатын. Бірақ, дәмхана, мейрамханалар кіре бастады. Сондықтан, жобаны қайта қарау қолға алынды», - деді аудан әкімі.
Айта кету керек, Алматыдағы бұрынғы трамвай депосы орналасқан территорияда қала әкімдігі жастарға арналған орталық көтеруді жоспарлаған болатын. Бұл жерде жастар білім алып, пікір алмасып, бос уақытын өткізетін, спортпен айналысатын - Depo Park Evolution салынады деп жоспарланған болатын.