«ҚаланыңЖазушылар одағының мүшелерімен — прозашылар, ақындармен кездестім»,-деп жаздықала басшысы.
«Мәдениетпен тіл, ұлттың рухани даму тұрғысына қатысты келелі әңгіме болды. БиылЖазушылар одағына 85 жыл толады. Осыған орай қала әкімдігі ұлттық әдебиет пеншығармашылықтың тарихи әрі рухани символы саналатын Жазушылар үйінежүргізілетін жөндеу жұмыстарын өз мойнына алды. Жыл сайын әдеби-жанрлықконкурстар өткізуді бастаймыз. Бұл ретте ең үздік шығармаларды одақ мүшелері —жазушылар мен ақындар өздері таңдайды. Қаламыздың шығармашылық қоғамдастығынодан әрі қолдап, қолдау көрсететін боламыз»,- деп атап өтеді Бақытжан Сағынтаев.