Жол-көлік апаты Есенжанов пен Брусиловский көшелерінің қиылысында болған. Есенжанов көшесінде келе жатқан Subaru автокөлігі «Жол бер» белгісін көзге ілмеген. Салдарынан Брусиловский басты көшесіндегі Mitsubishi көлігі Subaru-ды соққан. Куәгерлердің айтуынша, соққы алған Subaru 30 метрге дейін ұшып кетіп, тұраққа қойылған Toyota көлігіне зақым келтірген.
Жол-көлік апатынан түрлі жарақат алған Subaru жүргізушісі мен жолаушысын жедел жәрдем көлігі ауруханаға алып кетті.