Алматыдағы жолды абаттандыру үшін миллиардқа жуық теңге бөлінді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыдағы жаяу жүргіншілер жолдарын абаттандыру үшін шамамен миллиард теңге жұмсалмақ. Бұл туралы Turksib invest форумы аясында мегаполистің автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов хабарлады.

«Биыл жолдарды жөндеу аясында Алматы қаласындағы жаяу жүргіншілер жолын абаттандыру үшін миллиард теңгеге жуық қаржы бөлдік. Жаяу жүргіншілер жолдарының 15 мың шаршы метрін жаңартуға ниеттіміз», - деді Мақсұт Исахов.

«Жұмыс жалғасатын болады», - деді ол. Биыл ақылы тұрақтар саны 2 мыңға, ал, болашақта бұл көрсеткішті 40 мың орынға жеткізу көзделгенін айтты.

«Ақылы тұрақ мәселесін қарастырғанда мен делегациямен Мәскеуге бардым. Онда Қызыл алаң ауданында бір орын құны 5 мың рубльді құрайтын паркинг (тұрақ) бар. Біздің ақшаға ауыстырғанда бұл - 25 мың теңге», - деді ол.