«Алматы облысы тұрғындарын қалаға кіргізу мәселесі талқыланған. Ең алдымен олар 14 күндік карантин тәртібін сақтауы тиіс. Тек содан кейін ғана жұмысқа жіберіледі. Сонымен қатар, кәсіпорын басшылығы жұмысшылардың тұратын жерін шешіп беруі керек. Өйткені, олар қалаға емін-еркін кіріп-шыға алмайды»,– дейді Еркебұлан Оразалин.
18:55, 17 Сәуір 2020
Алматыдағы жұмысына оралатын облыс тұрғындары 14 күн карантинде болады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Алматыдағы жұмысына оралатын облыс тұрғындары 14 күндік карантинде болуы керек. Бұл туралы Алматы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.